Түркістан
EN

Салық мәдениеті қалыптасып келеді

120
29.02.2024

Былтыр Түркістан облысы бойынша мемлекетке 537,6 млрд. теңге түскен. Бұл жолы 2022 жылмен салыстырғанда 145,3 млрд теңге артық түсіпті. Мамандар мұны облысымыздың өркендеп келе жатқанының дәлелі -дейді. Бұған әрі экономиканың да өскені әсер етіпті. Десе де салық төлеуден жалтарғандар бар көрінеді. Мамандар салықтық және кедендік әкімшілдендіру жұмыстарын жүргізу кезінде 29 млрд.тг. өндіріп алған. Мамандар мұндай жайттардың алдын-алу үшін былтыр 9 мыңнан астам іс-шаралар өткізген. Ал бұл ел тұрғындары арасында салық мәдениетін қалыптастыруға өз ықпалын тигізген.