Каспий теңізінің Ақтау қаласындағы жағалауы айтарлықтай тартылып барады. Бұлай жалғаса берсе, теңіздің экожүйесі бұзылады дейді мамандар. Дәл осылай 47 жыл бұрын теңіз қатты таязданған. Ол кезде судың деңгейі минус 29 метрге дейін төмендеген көрінеді.