«Судың көлемі енді көбеймейді. Сондықтан осы бағыттағы жұмыстарға күш салынады». Осылай деген Су ресурстары және ирригация министрі Түркістанға келді. Ведомство басшысы бірінші кезекте су үнемдейтін технологияларды енгізу және суды тұтыну мәдениетін қалыптастыру қажеттігін атап өтті. Мемлекет бұл үшін субсидия көлемін ұлғайтуға және суармалы суға тарифті төмендетуге дейін барлық жағдайды жасайтынын мәлімдеді. Бұл саладағы мәселелердің шешілуіне барынша қолдау көрсетілетінін айтқан министр, өңірдегі су үнемдеу технологиясын енгізу жұмыстырына оң баға берді.