Бокстан Қазақстан Ұлттық құрамасы Италияға аттанды. Ел намысын арқалаған жігіттерді Түркістан облысының әкімінің аппарат басшысы, спорт басқармасының басшылығы шығарып салды. Боксшылар кәрі құрлықта Олимпиада жолдамасына таласпақ. Олар 6 салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Бас бапкер Мырзағали Айтжанов Париж Олимпиадасының жолдамасын түгел алуға барымызды саламыз дейді.