Атырауда «Жайлы мектеп» салып жатқан жұмысшылар жалақысыз қалды. Үш айдан бері еңбекақыларын ала алмай жүрген 30-ға жуық адам құрылысты тоқтатып тастаған. Себебі, бала-шағаны бағу қиындап, басқа жұмыс іздеуге мәжбүр болуда. Құрылыс компаниясының жауабы қандай?