“Әлия Назарбаева ірі бизнесімді тартып алды”. Осылай деген Астаналық кәсіпкер экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кіші қызының үстінен Бас прокуратураға арыз жазғанын мәлімдеді. Бизнесмен Нұрлан Бимурзиннің айтуынша, 20 жыл бұрын, 7 мұнай базасы мен 96 жанармай құю бекетін Әлия Назарбаева рейдерлік жолмен тартып алыпты. Бұл туралы ол Ұлттық баспасөз клубында мәлімдеді.