Түркістан
EN

Жүргізушілер ақылы жолдарға 6 миллион теңге қарыз

134
28.02.2024

Абай облысында екі мыңнан аса көлік жүргізушісі ақылы жолдың ақысын төлемеген. Жүк көлігі иелерінің қарызы 6 миллион теңгеге жеткен. Өңірде «Омбы-Майқапшағай» көлік дәлізінің «Павлодар-Семей-Қалбатау» аралығындағы жол тек жүк көліктері үшін ғана ақылы. Төлем жүк тасымалдайтын техниканың салмағына байланысты жасалады. Енді берешегін өтемегендердің қарызы сот орындаушылары арқылы өндірілмек.