Түркістан
EN

Апатты үйлердің жағдайы

141
28.02.2024

Қызылорда қаласындағы қосқабатты үйде апатты жағдай орын алды. Тұрғын үйдің кіреберісіндегі бетонды жабыны опырылып, жертөлеге түсіп кеткен. Салдарыннан тұрғындардың өз баспаналарына еркін кіріп-шығуы мұң болып қалды. Оқыс жағдайға құбырдың жарылуы себеп болған. Жанын шүберекке түйген тұрғындар барар жері болмаған соң, апатты үйде тұруға мәжбүр. Пәтерге кіру әсіресе, қарттар мен балаларға қиын соғып тұр. Мәселенің мән-жайын Қызылордадағы тілшіміз Самат Баймаханов айтып береді.