Түркістан телеарнасының төл туындысы «Кәріс келін» фильмінің жабық көрсетілімі Шымкент қаласында өтті. Шынайы оқиға желісі бойынша таспаланған туынды наурыз айының 1-ші жұлдызынан бастап көрерменге жол тартпақ. Фильм комедиялық мелодрама жанрында болғанымен, тіл мен дәстүр мәселесіне басымдық берген. Тұсаукесер рәсімі қалай өтті? Көрерменнің туындыға пікірі қандай?