Түркістан
EN

"Елбасы жолы" экспедициясы Түркістанға келді

74
28.10.2021

Шамалғаннан басталған  «Елбасы жолы» экспедициясы Түркістанға келді. Оның құрамына ең үздік деген жастар енген.  Олар  Тұңғыш Президенттің  шығармашылық және саяси жолын жастар арасында кеңінен насихаттамақ.  Рухани қалаға сапар барысында қаладағы тарихи ескерткіштер мен туристік орындарды аралады. Сондай-ақ, экспедиция мүшелері «Елбасы медалі» жобасының қатысушыларымен кездесті. Білімді өрендер ғылым, мәдениет салаларында жетістікке жету жолын саралады. Айта кетейік, облыста 276  жас  «Елбасы медалі» жобасынан қола медаліне ие болды. Биыл 54 медаль иегеріне мемлекеттік білім гранты берілді. Қазір өңірде 565 жас жобаға қатысуда.