Филиппинде өтіп жатқан XI Азия чемпионатының екінші күнінде су спорты түрлерінен ел қоржыны 10 жүлдемен толықты. Оның 8-і алтын. Жалпы, спортшыларымыз 8 алтын, 2 күміс медальге қол жеткізді. Байрақты бәсекеге 14 және одан жоғары жастағы спортшылар қатысып жатыр. Екі күннің нәтижесі бойынша қазір Қазақстан құрамасының қоржынында 21 медаль бар.