Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жалпы қуаттылығы жылына 120 мың тонна мыс өндіретін зауыттың құрылысы бойынша инвесторлармен кездесіп, келіссөз жүргізді. Аймақ басшысы кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетілетінін, сондай-ақ мемлекет тарапынан қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілетіндігін айтты. Тараптар ірі жобаны Түркістандағы «TURAN» арнайы экономикалық аймақ аумағында жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады.