Ұстаздың жолы ұлы. Ал, бұл ұлы жол ұрпақтан ұрпаққа жалғасып жатса, тіптен бақыт. Сарыағаш ауданында білім саласына еңбегі сіңген ардагер ұстаз Күлшат Мәуленова тұрады. Саналы ғұмырын ұрпаққа ұлағатты тәрбие беру жолына арнаған ұстаз жайлы толығырақ тілші тарқатсын.