Жамбыл облысында 300-ге жуық көлік жолда қалып қойды. Қазір "Алматы-Ташкент-Термез" автожолы, Кенен ауылынан - Қайнар ауылына дейінгі жол жабық. Жолаушылардың қауіпсіздігі үшін аталған тасжолдарға Қордай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жұмылдырылды. Қордай аудандық Полиция Басқармасының бастығы патрульдік экипаждардың көлік колонналарын екі бағыт бойынша сүйемелдеп алып жүруін ұйымдастырып жатыр.