Түркістан
EN

Ақтауда өртеліп жатқан қаңғыбас иттердің видеосы елді шошытты

165
27.02.2024

Ақтауда өртеліп жатқан қаңғыбас иттердің видеосы елді шошытты. Оның әлеуметтік желіге жергілікті блогер салған. Аталған оқиғаға байланысты тұрғындар өрттің түтінінен бөлек, айналаға жағымсыз иіс тарайтынын айтып шағымданып отыр. Алайда Маңғыстау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бәрі тиісті нормаларға сәйкес атқарылып жатқанын мәлімдеді. Айта кетейік, Ақтау қаласында қараусыз жүрген ит-мысыққа арналған панажай салуға жобалық сметалық құжаттама 2020 жылы әзірленіп қойған. Ал ғимаратты салатын мердігермен келісім өткен жылы ғана жасалыпты. Қазіргі таңда нысанға электр желілерін тарту жұмысы жүріп жатыр.