Астана халықаралық әуежайындағы кешіктірілген рейстердің барлығы орындалды. Стратегиялық нысан өрттен кейін қалыпты жұмысқа кірісті. Еске сала кетейік, бүгін терминалдың электр қалқан бөлмесінен өрт шығып, ғимарат ішіндегі адамдар эвакуацияланған болатын. Салдарынан ұшақтардың ұшу уақыты да кешіктірілді. Өрт лезде ауыздықталып, әуежейдағы ішкі және халықаралық рейстер терминалындағы жұмыс қайта жанданды. Қазір әуежай қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.