Түркістан
EN

Су үнемдеу технологиясын ендірмек

111
27.02.2024

Су үнемдеу технологияларын сатып алатын шаруаларға 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие беріледі. Мұндай мүмкіндікті «Ауыл Аманаты» жобасы ұсынып отыр. Су арналарына жақын орналасқан жерлерде кооператив құрып, біріккен диқандарға да қолдау бар. Айта кетсек, суарудың су үнемдеу технологияларын енгізу су шығынын азайтып, өнімділікті арттыруға мүмкіндік береді. Биыл заманауи технологияны қосымша 22 мың гектарға енгізу жоспарланған. Аталған мәселе Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен жиында талқыланды.