Соңғы үш күнде мал ұрлығымен айналысқан 94 адам ұсталды. Жедел-профилактикалық операциясына 4 мыңнан астам полиция қызметкері мен ауыл шаруашылық басқармасының 400 ден астам маманы қатысқан. Құзырлы орган өкілдері 3,5 мыңнан астам сауда алаңдары мен мал сою цехтары тексерген. Осылайша 141 мал ұрлығы ашылды. 360-қа жуық мал иелеріне қайтырылды. 12 қылмыстық топ құрықталды. Сондай-ақ ветеринария саласында заң бұзушылықтар анықталды.