Атырауда балабақша ішінде жарқанаттар қаптап жүр. Бұл туралы ата-аналар дабыл қағып, әлеуметтік желіге жариялады.
Балабақша басшысы 40 жылдан астам күрделі жөндеу көрмеген ескі ғимаратта жарқанаттар барын растады. «Үнемі тек залалсыздандыру жұмыстарын жүргізіп тұрамыз. Бұл жайлы тіпті, қалалық білім бөлімінің басшыларына да ескертілген», - дейді олар.