Түркістан
EN

Ақылы жолдың азабы

41
27.02.2024

Түркістан облысындағы күре жолдардың бірі Самара-Шымкент тасжолы бүгінде ойдым-ойдым болып жатыр. Бір қызығы, бұл ақылы жол.  Шұрық-тесік асфальтқа ақы төлеуден шаршаған көлік иелері Қазавтожол компаниясынан жолды жамап берулерін сұрайды. 

Түркістан мен Шымкент арасын жол қылып, нан тауып жүрген жүргізушілердің жанақайы осындай. Екі ортада күніне 5-6 рет жолаушы тасымалдайтын олар жырым-жырым болған жолдан әбден мезі болған. Көліктері бұзылып, жолда қалған кездері жиі болған. Ал жүрген жолының әр шақырымына ақы төлейді.