Астана әуежайынан өрт шығып, адамдар эвакуацияланды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына Астана қаласы ТЖД жеке құрамының 76 маманы мен 18 техникасы жұмылдырылып, тілсіз жау дер кезінде ауыздықталды. Алдын ала мәлімет бойынша серверлік терминалда 10-15 шаршы метр электр кабельдері жанған.