Түркістан
EN

Президент ШҚО-ға жұмыс сапарымен барды

143
26.02.2024

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды. Оның аясында Мемлекет басшысы өңірдегі бірқатар өнеркәсіп және әлеуметтік нысанды аралап көріп, жұмыс барысымен танысты. Президенттің Алтай өңіріне жасаған сапары туралы толығырақ тілші тарқатсын. 

Президенттің Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары Өскемендегі Сәулелік терапия және диагностика орталығымен танысудан басталды. Мемлекет басшысына жоғары дәлдікпен диагностика жасауға және онкологиялық ауруларды емдеуге мүмкіндік беретін соңғы үлгідегі заманауи құрылғылардың жұмысы таныстырылды. Іргесі 1947 жылы қаланған мекеме айына 3750 адам қабылдайды. Орталықтың 39 маманы Италия, Израиль және Ұлыбританияның жетекші емханаларында оқу курстарынан өткен.