Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында жаппай астан улану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Инфекция ошағы яғни, дәмхана уақытша жұмысын тоқтатқан. Тағамдардан сынамалар алынып, сот медициналық сараптамалар тағайындалды. Ал астан уланып, ауруханаға жүгінген тұрғындардың саны - 37 ге жетті.