Қазақстанға Starlink жүйесінің алғашқы партиясы жеткізілді. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, иннвоациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин өзінің Telegram каналында жазды. Министр елге жеткізілген алғашқы 500 Starlink жабдығын қабылдап алуға Алматыға арнайы барған. Айтуынша, заманауи технология келесі аптада Түркістан мен Ақмола облыстарына тапсырылады. Қалған өңірлерге 10 күннен кейін жеткізіле бастайды. Барлығы 20 күн ішінде 2000 жинақ келеді, олар елдегі шалғайда жатқан 2000 ауыл мектебін жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етпек.