Түркістанда Біріккен араб әмірліктерінің қаржысына перзентхана салынады. Медициналық мекеме 80 орындық болады. Оған Абу - Дабидің тақ мұрагері шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян демеушілік жасайды. Айта кетері, жобаны Түркістан облысы әкімдігі мен Абу-Даби даму қоры бірлесіп жүзеге асырып жатыр. Заманауи перзентхана құрылысы былтыр желтоқсанда Біріккен Араб Әмірлігінде өткен Өмірзақ Шөкеев пен шейх Мансур бен Заид Әл Нахаянның кездесуіндегі келісім негізінде жүзеге асып отыр. Абу-Дабидің мұрагер ханзадасының қолдауымен бой көтеретін жаңа перзентхананың құрылысы келер жылы аяқталады. Ғимараттың жалпы ауданы 8 мың шаршы метр, жер аумағы — 3 млн шаршы метрден асады. Заманауи перзентхана еуропалық үлгіде салынады деп жоспарланып отыр.