Түркістан облысының спорт саласына жауаптылар өткен жылды қорытындылап, есеп берді. 2023 жылы аймақта 50-ден астам спорт нысаны ел игілігіне беріліпті. Ал, облыс әкімі Дархан Сатыбалды өңірде олимпиадалық спорт түрлерін дамытуды тапсырды. Нысандарды пайдалануға беріп қана қоймай, одан нәтиже шығаруды жүктеді. Сондай-ақ Түркістан қаласындағы атшабар мен Бекзат Саттарханов атындағы кешеннің құрылысы да талқыланды. Атшабарда бәйге мен көкпар өткізуге жағдай жасалмақ. Басқарма басшылығы ауыл-аймақ пен шаһарларда ашылған спорт кешендеріне де тоқталды.