Келісім жасалды ма? Құрылыс жедел басталсын. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды кәсіпкерлермен кездесу барысында осылай деді. Мәжіліс барысында ғимараттардың сәулеті мен сапасы қатаң бақылауға алынатынын айтты. Одан өзге, инвесторлардың жобаларымен, жоспарларымен танысты. Жиында жеке инвесторлар өз ұсыныстарын ортаға салды. Өңірде жобаларды жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасалғанын айтқан олар арнайы жер берілсе, жұмыстарын бастамақ. Кәсіпкерлер көпқабатты тұрғын үй, монша, автосалон, жекеменшік емхана салығу қызығушылық танытып отыр. Сондай ақ, сауықтыру нысандары мен спорт кешендерін салмақ ниетте. Сәулетшілердің сын-ескертпелері хаттамаға енгізіліп, құрылыс барысында назарға алынатын болады.