Көктем келді дегенше, тасқын судың әлегі қайта келді десеңші. Ал су келсе, шу келетіні белгілі. Қазгидромет ақпан және наурыз айларында жауын-шашын жылдағыдан мол түседі деп отыр. Оған тау суларының ағынын қосыңыз. Бұл өз кезегінде ел бойынша он шақты өңірде су басу қаупін туғызып отыр. Айта кету керек, осындай қауіп бар аймақтар қатарында Түркістан облысы да бар. Қазір нақты 41 учаске қауіпті аймақта. Ендеше біз төтенше жағдайға дайынбыз ба? Тасқынға қарсы тосқауыл бар ма өзі?