«Семей Орманы» табиғи орман резерваты аумағында соңғы 20 жылда болмаған суық тіркелді. Термометр көрсеткіштері Батпай орман шаруашылығы аумағында 55 градусқа дейін жеткен. Ормандағы аң-құстың жайы қалай? Үсік шалғантіршілік иелері жоқ па?
Абай облысында ақпанның соңғы аптасы сақылдаған сары аяз болып тұр. Табиғи орман резерватында термометр бағаны -55 градусты көрсетсе, Көкпекті ауданындағы Үлкенбөкен орманшылығының «Тау дала» филиалында сынап бағанасы - 53 градусқа дейін жеткен. Алайда «Қарағайлы алқапты күзету мен ондағы жабайы жан-жануарларды қорғау жұмыстарын бір сәтке де тоқтатқан жоқпыз. Аң-құсқа алдын ала дайындалған жем-шөп шашып, суықта қырылуына жол берілмеді. Бұрын-соңды болмаған аяздан үсік шалып, шығын болған жануарлар жоқ дейді орманшылар.