Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды. Орал қаласының коммуналдық-энергетикалық секторындағы бірқатар нысандарды аралаған ол инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты. Үкімет басшысы сондай-ақ 1961 жылдан бері жұмыс істеп тұрған «Батыс Су Арнасы» сумен жабдықтау және су бұру кәсіпорнында болды. Одан соң қауіпті қызыл аймақта орналасқан «Жайықжылуэнерго» АҚ электр және жылу энергиясын өндіру кәсіпорнының ағымдағы жағдайымен танысты. Кәсіпорында Олжас Бектенов бас диспетчерлік бөлмені, турбина залы мен қазандықты аралап көрді.