Түркістан
EN

«Ауыл аманаты» бағдарламасы Түркістан облысы тұрғындарының тұрмысын жақсарта түсті

94
23.02.2024

Елімізде сәтті жүзеге асқан «Ауыл аманаты» бағдарламасы Түркістан облысы тұрғындарының тұрмысын жақсарта түсті. Өткен жылдан бері өңірге 19,8 млрд теңге бөлінген. Бүгінде 3200-ден астам жоба қаржыландырылды. оның 207-сі Сайрам ауданының тұрғындарына тиесілі.  

Ауыл аманатының игілігін көріп отырғандардың бірі - Зульфия Егембердиева. Келіншек - Ақсукент ауылдық округіне қарасты Алаш ауылының тұрғыны. Ол жақында сүт бағыты бойынша 2.5 пайыздық несие алып, шаруашылыққа ден қоя бастады. Қазірдің өзінде күн сайын 10 сиырдан 120 литр сүт алып, ауылдағы 5-6 дүкенді сүт өнімімен қамтып отыр.