Түркістан
EN

Жұмыссыздықты азайту бағытында тың жобалар қолға алынған

108
23.02.2024

«Тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту – басты міндет». Осы бағыттағы жұмыстарды күшейту керек. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жауаптыларға осындай нақты тапсырма берді. Өңірде жұмыссыздықты азайту бағытында тың жобалар қолға алынып, биыл 130 мыңнан астам жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Қазіргі таңда Түркістан облысында халықты жұмыспен қамту шаралары қолға алынған. 2023 жылдың қорытындысымен облыстың даму жоспарындағы индикаторлық көрсеткіштер орындалды. Саланы саралаған өңір басшысы аймақтағы жұмыссыздық және кедейлік деңгейін төмендету бағытында жұмыстарды жандандырып, жауаптыларға нақты тапсырма жүктеді.