Түркістан
EN

Дархан Сатыбалды Қазақстан бокс федерациясының президентімен боксты дамыту жолдарын талқылады

101
23.02.2024

Бокс саласындағы көшбасшылықты қайтарып алуға күш саламыз. Осылай деген  Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды спорттың бұл түрін дамытуға күш салмақ. Осы мақсатта Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп пен федерацияның вице-президенті, даңқты боксшы Мұхтархан Ділдәбековты қабылдады. Кездесуде бокс спортын дамыту, жас таланттарды табу, Олимпиада ойындарына даярлау мәселелері сөз болды. Облыс әкімі спорт саласын қолдауға әрдайым дайын екенін жеткізді.