Атырау облысындағы Құрманғазы ауданының тұрғындары үреймен күй кешуде. Апатты деп танылған баспаналарының ішін жылан жайлап алған. «Күндіз күлкі, түнде ұйқыдан» айырылған халық жергілікті биліктен жаңа баспана беруді сұрайды.
Сонау 70-жылдары пайдалануға берілген үйдің бүгінде әбден тозығы жеткен. Өмір сүруге ешқандай жағдай жоқ. Тұрғындардың басқа барар жері болмаған соң, амалсыз тұруға мәжбүр. Ескіргені былай тұрсын, үй ішін жылан мен тышқан жайлап алған. Ал, жергілікті билік «жаңа баспана береміз деп" құрғақ уәдемен тойдырды», - дейді тұрғындар.