Түркістан
EN

Бадам өзенінің арнасы нығайтылмақ

2
22.02.2024

Ағысы қатты Бадамның арнасы кеңейіп, тұрғын үйлердің ауласы тарылып барады. Мәселені шешпек үшін жауаптылар өзен арнасын бетондап, жағалауын бекітуге кіріскен. Аталған мақсатқа бюджеттен 5 миллиард теңгеден аса қаржы бөлініп, өзенге жақын тұрған Жыланбұзған ауылында құрылыс жұмыстары басталды. 

Асан Мұстафаевтың үйі Бадам өзеніне жақын орналасқан. Айтуынша, кейінгі жылдары өзен арнасы опырылып, 100 метрге дейін ұлғайған. «Толассыз жаңбыр мен қалың қар жауса маза қашады», - дейді. Сондықтан тасқынға тосқын болар құрылыстың сапалы жүргізілуін сұрайды.