Түркістан
EN

Қоқыс полигондарына қатысты әкімдерге қатаң талап қойды

58
22.02.2024

«3 жыл ішінде аймақтағы қоқыс полигондарын ретке келтіру қажет». Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды аудан,қала мен ауыл әкімдеріне осындай қатаң талап қойды. Өңір басшысы салаға инвестор тартып, қоқыс полигондарын сенімгерлік басқаруға беруді тапсырды.


Түркістан облысында барлығы 151 қатты тұрмыстық полигон бар. Оның 32-і аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, 76-ы ауыл әкімдерінің және 43-і сенімгерлік басқаруға берілген. Десе де олардың 107-сі, яғни 71 пайызы санитарлық талаптарға сай емес.