Аналардың көптен бергі арман орындалды. Түркістан облысы, Сауран ауданынында мүгедек балаларға арналған медициналық әлеуметтік мекеме салынуда. Бұған дейін өңір тұрғындары депутат Қалыйма Жантөрееваға мүгедек балаларға арналған орталық қажет екендіігін айтып келген. Депутат осы істі өзі қолға алып, облыстық бюджеттен 3 млд. 309 млн. теңге бөлдірген. Ауыр дертке шалдыққан балаларға арналған медициналық нысан 50 орындық болады деп күтілуде. Орталықтың құрылыс жұмыстары қараша айында аяқталмақ. Қазір оны салуға екі жүз қызметкер жұмылдырылған. Бүгінде ел тұрғындарының 4 пайызын мүгедектігі бар азаматтар құрайды. Оның 97 280 мыңы -Түркістан облысында.