Мемлекеттік қызметшілердің жұмысын ширату қажет. Аталған мәселе Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұловтың төрағалығымен өткен жиында қаралды. Мемлекеттік қызмет саласындағы заңдылықтардың сақталуына жүргізілген мониторинг нәтижесі талқыланып, саладағы жұмыс өнімділігін арттыру, Әдеп кодексін сақтау мәселелері сөз болды. Сондай-ақ жиында аймақтың мемлекеттік қызмет саласындағы көрсеткіштері бойынша 2023 жылдың қорытындысы қаралып, алдағы жылдың басты мақсаттары айқындалды.