Елімізде педофилдер мен балаларды өлтіргендер өмір бойы бас бостандығынан айырылады. Сондай-ақ, мүгедек балалар тәрбиелетін ұйымдарға да ескертусіз тексеру жүргізіледі. Мәжіліс әйелдер құқығы мен балалардың қауіпсіздігі туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжат Мемлекет басшысының жолдауы аясында депутаттардың бастамасымен әзірленді.