Түркістан
EN

Отырар ауданында 75 бүлдіршін балабақшаға бара алмай отыр

151
27.10.2021

Отырар ауданында 75 бүлдіршін балабақшаға бармай, үйде қамалып  отыр.  Өйткені, мұндағы тәрбие ошағы он ай бұрын өртеніп кеткен.  Содан бері мектепке дейінгі мекеме қызметкерлері де жұмыссыз. Ал, ғимаратты жөндеуге  береміз, айлық сақталады деген атқамінерлер бастапқы уәдесінен тайқып отырған көрінеді. Мәселенің мән-жайын тілші анықтап көрді.