Қостанайда құдыққа түсіп кеткен 7 жасар қыз құтқарылды. Құдықтың ішінде 60-70 см су болған, яғни, баланың тұншығып қалуы әбден мүмкін еді. Алайда жақын маңда адамдар көріп қалып, баланы шұғыл алып шықты. Кішкентай қыз жедел жәрдем бригадасына тапсырылды. Абырой болғанда, еш жері жарақаттанбаған, әсіресе ішкі мүшелеріне ешқандай зақым келмеген. Десе де, ол жансақтау бөліміне жатқызылды.