Жылыту маусымы басталғалы елімізде өрт оқиғалары жиілеген. Ал Түркістан облысында өткен жылыту маусымымен салыстырғанда өрт саны тіпті 74% немесе 108 өртке көбейген. Бұған қарапайым қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы себеп, дейді ТЖД мамандары. Оқыс оқиға пешті талапқа сәйкес қолданбау, электр жабдықтарын дұрыс пайдаланбау салдарынан тіркелген. Ал осы жылы оқыс оқиғадан 4 адам қайтыс болған. Бұл да өткен жылыту маусымындағы көрсеткіштен көп. Сондықтан мамандар, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.