Түркістан
EN

Жылыжайды субсидиялаудың жаңа ережесі енгізілді

66
21.02.2024

Жылыжай шаруашылықтарын субсидиялаудың жаңа ережесі бекітілді. Енді шаруа қожалықтары өндірушіден тікелей көмір тасымалдайтын болады. Сондай-ақ, бүгінге дейін мемлекеттен қолдау көрмей келген фермерлік жылыжайлар иелерінің де шаруашылығы стандартталды. Яғни, өндірістік және фермерлік жылыжайдың 20 пайыз көмірін мемлекет субсидаялайтын болады. Бұл туралы бүгінгі қоғамдық кеңеске есеп берген облыс әкімі Дархан Сатыбалды айтты. Оған былтыр бұл жерлерден 140 мың тонна өнім жиналғаны себеп. Аграрлық мекен саналатын аймақта  жылыжайлардың жалпы көлемі 1 640 гектарға жеткен. Сондай-ақ,  фермерлік жылыжайлардың стандарты әзірленіп, 801 жылыжай сертификатталған. Бұдан өзге жылыжайларды дамыту мақсатында 4 ірі жобаны іске асыру да жоспарлануда. Бұл өз кезегінде 1 380 жаңа жұмыс орнын ашып, 30 мың тонна өнім шығаруға мүмкіндік береді.