Түркістан
EN

Екі жаңа басқарма құрылады

88
21.02.2024

Алматыда екі бірдей жаңа басқарма құрылады. Бұл туралы қалалық мәслихаттың 2024 жылғы алғашқы сессиясының отырысында айтылды. Қала әкімі аппаратының басшысы Бейбіт Шаханов мәслихат депутаттарына Сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасы мен Қоғамдық кеңістікті дамыту басқармасын құруды ұсынды. Айтуынша, екі жаңа басқарма да қаладағы лимит шеңберінде болады. Сондықтан бюджеттен бұл басқармаларды құру үшін қосымша қаражат қажет етілмейді. Қызметкерлер өзге басқармалардан және аудан әкімдіктерінен алынады екен.