Енеңізге қомақты сыйлық беріп көрдіңіз бе? Ал Жетісайлық 4 бажа бұл жағынан өзара бәсекеге түседі. Солардың ішінде ең тапқыр біреуі енесіне зәулім тойхана сыйласа, енді бірі Дубайға жолдама табыс етеді. Алайда ақ шашты анаға сыйлықтардың ішінде ең ұнаған сыйлық «күйеу» болыпты.
Үш күйеудің мұнша қымбат сый жасауының өзіндік сыры бар. Осы арқылы олар олигарх ененің - қазынасына мұрагер болуды көздейді. Алайда ең қиыны сол - қазымыр ененің көңілінен шығу оңай шаруа болмай шығады. Осы жағынан күйеу балалар бір-бірімен бәсекеге түседі. Алайда оқыстан келген «Құдайы қонақ» олардың жоспарларының күлін көкке ұшырды. Осылай өрбіген сахнадағы ең жағымсыз рөлді Ғалымжан Қаппаров сомдады. Әрі қойылым авторы да өзі.