Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қоғамдық кеңес өкілдерімен кездесті. 2023 жылы өңірде атқарылған бірқатар іске шолу жасап, шешімін тапқан мәселелерді көрсетті. Өңір басшысының айтуынша, биыл аймақта жаңа жұмыс орындары ашылып, инвестиция құйылады екен.
Табиғи газға қол жеткізу аймақтағы бірқатар ауылдың мұңына айналып еді. Былтыр бұл салада 2012-2022 жылдар аралығында құрылысы жүргізіліп, іске қосылмаған 38 проблемалық нысан болған. Оның әрқайсысы бойынша тиісті жұмыс атқарылып, нәтижесінде 91 мың халық тұратын 27 елді мекен табиғи газға қосылды. Ал жоспарға сай өктен жылы 48 елді мекен тұрғындары табиғи газға қол жеткізіп, жалпы 513 елді мекен толығымен көгілдір отынен қамтылды.