Түркістан
EN

Биыл қар екі есеге көп түскен

54
21.02.2024

Биыл қыста жауған жауын-шашынның мөлшері өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге көп. Бұл туралы Қазгидромет мәлім етті. Мәселен, еліміздің солтүстігінде қар жамылғысының биіктігі 50 см-ге дейін, ал шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарда 90 см-ге дейін жетеді. Оның үстіне биыл екпінді желдер көп байқалды. Әсіресе таулы аймақтарда жел екпіні 40-45 метр секундқа дейін жеткен кездер болды. Қыстың аяқталуына әлі де бір аптадай уақыт бар екенін ескерсек, сақтық шараларын сақтау аса маңызды. Жол еркелікті көтермейді, қателікті кешірмейді. Сондықтан қолайсыз ауа райында мамандар ұзақ жолға шығудан бас тартуға шақырады.