Түркістан
EN

Түркістан музыкалық-драма театрында "Фариза" қойылымы сахналанды

217
26.10.2021

Фариза сахнаға қайта оралды.  Түркістандағы драма театрда «Фариза» спектаклі сахналанды. Сыршыл да шыншыл ақынын сағынған көпшілік қойылымды жылы қабылдады.Басты рөлді «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты Назгүл Қарабалина сомдады. Сондай-ақ театр және кино актерлері Қуандық Қыстықбаев, Лейла Бекназар-Ханинга мен Ерлан Кәрібаев та спектакльдің көрермен көңілінен шығуына барынша атсалысты. Сыршыл өлеңдерімен жұрттың жүрегіне жол тапқан,  қайталанбас талант иесі  туралы пьесаны драматург Роза Мұқанова жазды. Ақынның өлеңдері сценарийге шебер өрілген. Алайда бұл әдеби кеш те, өмірбаян да емес. Бұл – бас кейіпкердің ішкі дүниесі мен жан сезімін сахнада бейнелеу — дейді идея авторы Айнұр Көпбасарова.