Түркістан
EN

Жетісайлық тұрғындар депутаттармен кездесуде қандай мәселелерді айтты?

51
21.02.2024

Түркістан облысының мәслихат депутаттары жетісайлық тұрғындармен де кездесті. Жүздесуде депутат Ербол Ералиев пен Талғат Қаржауов міндетті есебін берді. Олар сайлау алды берген уәдесінің үдесінен шыға алды ма?

Жүздесу Жетісай ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өтті. Онда жиналған жұртшылықтың бірі базынасын айтуға келсе, бірі бұрыннан көтеріліп келе жатқан су, ауыл шаруашылығы мәселелерінің қалай шешімін тапқанын білуге  тырысты. Сәйкесінше депутаттарда жауапты мамандарды сайлап, көпшіліктің көкейіндегі сұраққа жауабын берді.