Өзбекстанда 30 жылдан астам уақыт үздіксіз шығып келе жатқан қазақ тілді газет бар. «Нұрлы жол» деп аталатын баспаның бүгінде 3177 саны жарық көрген.
Ташкенттің Навоий даңғылында орналасқан мына ғимараттың ғасырлық тарихы бар. Түрлі кезеңдерде өзіндік қызмет атқарған нысан бүгінде ақпарат айдынына айналды. Қазіргі таңда мұнда 8 редакция жұмыс жасайды. Соның бірі 1991 жылдың 10 қаңтарынан бастап жарық көрген «Нұрлы жол» газеті. Алғашқы 2 жылы «Достық туы» деп аталған басылымның тарихы тереңде.